Бүгін жеті қалада ауа ластанады

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Қазақстанның жеті қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады.

Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

- 2025 жылы 3 қыркүйекте Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Ақтөбе, Алматы, Астана қалаларында, түнде Атырау қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, -делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Семейге үш күнде бір айлық жауын жауды.