Бүгіннен бастап Астанада 5 бағдарға 8 автобус қосылады

Фото: Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — 9 қарашадан бастап бес бағытқа қосымша автобустар қосылып, рейстер арасындағы аралықтарды үш минутқа қысқартады. Бұл туралы City Transportation Systems компаниясы баспасөз қызметі мәлім етті.

Жақсартулар келесі бағдарларға тиесілі:

— № 3 бағдар — енді 14 автобус (бұрын 12);

— № 15 бағдар — енді 16 автобус (бұрын 15);

— № 31 бағдар — енді 10 автобус (бұрын 7);

— № 40 бағдар — енді 19 автобус (бұрын 18);

— № 326 бағдар — енді 4 автобус (бұрын 3).

— Графиктердің санын көбейту жұмыстары жалғасып жатыр. Алдағы күндері басқа бағдарларға қосылған автобустар жөнінде хабарлаймыз, — деп хабарлады City Transportation Systems компаниясынан.

Айта кетейік, Астанада 15 автобустың бағдары уақытша өзгеретіні хабарланды.