Бұл сапар екіжақты қарым-қатынасқа тың серпін береді - Серджо Маттарелла
АСТАНА. KAZINFORM - Серджо Маттарелла Италия мен Қазақстаның арасындағы берік достықты бекемдей түсу үшін Астанаға арнайы келгенін атап өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Оның айтуынша, бұл сапар екіжақты қарым-қатынасқа тың серпін беріп, оны одан әрі өркендетуде маңызды рөл атқарады.
– Италия мен Қазақстанның ғасырлардан тамыр тартатын мәдени және тарихи дәстүрі бар, археологиялық және көркемөнер мұрасы өте бай. Бұл біздің гуманитарлық саладағы өзара ықпалдастығымызды тереңдетуге берік негіз қалайды, – деді Италия Президенті.
Айта кетейік, осыған дейін Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге ресми сапармен келген Италия Президенті Серджо Маттарелланы қарсы алды.
Италия Президенті бірінші дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Италия Президенті Серджо Маттарелла БАҚ өкілдеріне бірлескен мәлімдеме жасады.