КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Бурабайда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне және атақты бүркітші Мәсіп Батырханұлын еске алуға арналған «Қансонар-2021» аңшы құстармен аң аулау шеберлері арасында халықаралық турнир өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, байрақты жарысқа Моңғолия, Қырғызстан, Қытай, Венгрия және Қазақстанның өзге облыстарынан келген атақты құсбегілер 60-қа жуық жыртқыш құстарды әкелді.
«Құсбегілер «Бүркітпен аң аулау», «Сұңқармен аң аулау», «Қаршыға аң аулау» бағдарламаларында жылдың үздік аңшысы атағы үшін күресетін болады. Ертең финалдық кезең өтеді. Онда жарыс жеңімпаздар мен жүлдегерлері анықталып, марапатталатын болады», - деді ведомстводан.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.