Аталған шара ұлттық парк аумағындағы өрт қаупінің жоғары деңгейіне байланысты енгізіліп отыр. Уақытша шектеу ықтимал өрт ошақтарының алдын алуға және Бурабайдың бірегей экожүйесін сақтауға бағытталған.
- «Бурабай» МҰТП курорт қонақтары мен тұрғындарынан қабылданып жатқан шараларға түсіністікпен қарап, демалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауды және ұлттық парктің баламалы туристік орындарына басымдық беруді сұрайды. Бурабай табиғатын сақтау – әрбір келушінің жауапкершілігін талап ететін ортақ міндет, - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Бурабай ұлттық паркінде найзағай түсуінен болған орман өрті «Smart» ерте анықтау жүйесінің көмегімен дер кезінде анықталып, жедел түрде сөндірілді.
Қазақстан 2026 жылғы жазғы туристік маусымға дайындалып жатыр. Биыл осы жұмыстар аясында елдегі сегіз негізгі туристік аймақта тексеру жұмыстары жүргізілді. Олардың қатарында Алакөл, Балқаш, Бурабай, Каспий теңізінің жағалауы және Шығыс Қазақстандағы туристік бағыттар бар.