Бурабайда таудан түсе алмай қалған турист құтқарылды
КӨКШЕТАУ. KAZINFORM – Бурабай курортында Көкшетау тауында тауға шығып, өздігінен түсе алмаған турист құтқарылды.
Фото: Ақмола облыстық ТЖД
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адам Бурабайға Қарағанды облысынан келген.
Фото: Ақмола облыстық ТЖД
«Ол Көкшетау тауының биік шыңына шығып, өздігінен түсе алмады. Ер адамды құтқару жұмыстарына Ақмола облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының және «Бурабай» МҰТП құтқарушылары қатысты. Екі сағатқа созылған құтқару операциясы сәтті өтті, оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деді ведомстводан.
Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында қайығы аударылған балықшы құтқарылғанын жазған едік.
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.