Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, әйел Бурабайға Ресейдің Омбы қаласынан демалуға келген.
«Анықталғандай, 36 жастағы әйел тамыздың 31-де «Альтаир» қонақ үйіне жайғасқан. Кешкі сағат 23:00 шамасында ол белгісіз бағытқа шығып кеткен. Іздестіру шараларына 43 адам тартылды, оның ішінде облыстық ТЖД жеке құрамынан 16 адам және 3 техника, Бурабай аудандық ТЖБ екі адам, аудандық полиция бөлімінен 10 адам, Lider.kz еріктілер ұйымынан 6 адам, 1 кинолог және бір иісшіл иті бар. Бір тәулік өткеннен кейін жоғалған әйел аман табылды», - деді ведомстводан.
Айта кетсек, бұдан бұрын Көкшетауда кәріз құдығында ағалы-інілі екі ер адам есінен танып қалған болатын.