Полицейлердің мәліметі бойынша 15 маусым күні сағат 19:40 шамасында Бурабай аудандық ІІБ кезекшілік бөліміне жедел жәрдем қызметінің диспетчері хабарласып, 2002 жылы туған жасөспірімнің аудандық ауруханаға алып келе жатқан жолда қайтыс болғанын айтқан.
«Осыған орай оқиға орнына аудандық ІІБ-нің жедел тергеу тобы жетті. Тергеу тобы анықтағандай 2016 жылдың 15 маусымында кешкі сағат 18:20 шамасында Анна Маликова бір топ қыздармен таза ауада ойлап жүріп, байқаусызда кіреберіс есіктің әйнегін сындырып алып, жараланған. Кейін аудандық ауруханаға жедел жәрдем қызметімен апара жатқан кезде қыз бала жолда қайтыс болды», деп көрсетілген хабарламада.
Қазіргі кезде аталған оқиғаға байланысты ҚР ҚК 141 бабының 2 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынып, бірқатар сараптама жұмыстары тағайындалды.