«2024 жылғы 12 ақпанда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотымен күдікті Марат Бекетаевқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын 2024 жылғы 21 наурызға дейін ұзарту санкцияланды», - делінген сауал жауабында.
Сондай-ақ, қалалық соттан ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге деректердің жария етілмейтіні айтылды.
Өткен жылы 29 желтоқсанда М. Бекетаевты қамауда ұстау мерзімі 2024 жылғы 21 қаңтарға дейін ұзартылған еді.
Одан кейін, елорда соты экс-шенеунікті 2024 жылғы 21 ақпанға дейін қамауда ұстау туралы шешім қабылдады.
Еске сала кетейік, бұрынғы Әділет министрі лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталды.