Бұрқасын салдарынан республикадағы үш облыстың жолдары жабылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұрқасын салдарынан республикадағы үш облыстың жолдары жабылды. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖ комитетінің сайтында хабарланған.

Жамбыл облысы

 

19 ақпанда 02-10 ауа райының нашарлауына байланысты (бұрқасын, көрінудің шектелуі) республикалық маңыздағы «Алматы-Ташкент» тас жолының учаскесінде  (534-593 км) көліктің  барлық түрі бойынша қозғалыс тоқтатылды.

Оңтүстік Қазақстан облысы

19 ақпанда  02-20 -дан бастап ауа райының нашарлауына байланысты (бұрқасын, көрінудің шектелуі) республикалық маңыздағы «Алматы-Ташкент-Термез» тас жолының учаскесінде  (593-632 км) көліктің  барлық түрі бойынша қозғалыс тоқтатылды.

Ақтөбе облысы

19 ақпанда сағат 9:15-те республикалық маңызы бар «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» тасжолының бойындағы 92-258 шақырым аралығында қатты боран мен қар барлық көлік түрлерінің қозғалысына тосқауыл болды.