Бұршақ, найзағай, екпінді жел: 5 шілдеде ауа райы күрт құбылады

АСТАНА. KAZINFORM — 5 шілдеде «Қазгидромет» болжамына сәйкес, ел аумағында ауа райы тұрақсыз болады.

Фото: Pexels

Республика бойынша найзағайлы жаңбыр жауады, кей жерлерде бұршақ пен екпінді жел күтіледі. Солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс және орталық өңірлерде нөсер жауын болуы мүмкін, ал оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Сондай-ақ ел аумағының басым бөлігінде жел күшейеді, ал солтүстік-батыс, шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарда түнгі және таңғы уақытта тұман түсуі ықтимал.

Жетісу облысындағы Алакөл көлдері маңында өте күшті жел соғып, оның екпіні кей кезде 30 м/с және одан да жоғары болуы мүмкін.

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында және Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында күндіз қатты ыстық күтіледі, ауа температурасы 35… 39°C дейін көтеріледі.

Сонымен қатар бірқатар өңірлерде өрт қаупі жоғары және өте жоғары деңгейде болады. Өрт қаупі жоғары аймақтарға Түркістан, Атырау облысының батысы, Павлодар облысының батысы мен оңтүстігі, Қарағанды облысының солтүстігі, Шығыс Қазақстан мен Қызылорда облыстарының жекелеген аумақтары, Жамбыл және Ұлытау облыстары кіреді. Ал кей өңірлерде, соның ішінде Жетісу, Абай, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атырау, Алматы, Ақмола, Павлодар, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген бөліктерінде өрттің өте жоғары қаупі сақталады.

Бүгін еліміздің бірқатар өңірінде жел күшейіп, тұман түсетінін жаздық.