деп хабарлады Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінен.
Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаменті басшысының міндетін атқарушы Толқын Нарымбиевтің сөзіне қарағанда, 5 тамыз күні ҚАЖ жеке қауіпсіздік қызметкерлері қаржы полициясының қызметкерлерімен бірлесіп, ҚАЖ мекемесіне іргелес аумақта пара берушіні ұстаған.
Бұрын істі болған ер адам мекеме қызметкеріне сотталғандардың біріне анықтама алып беру үшін ақша ұсынбақ болған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Бұл ағымдағы жылы республиканың пенитенциарлық жүйесінде тіркелген, ҚАЖ қызметкері пара берушіге сатылмай қызметтік парызын орындаған осыған ұқсас төртінші жағдай, деп атап өтті ҚР ІІМ ҚАЖК баспасөз қызметінен.