Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш Израиль тарапынан жасалған бұзушылықтарды айыптап, Сирияның егемендігін және аумақтық тұтастығын толық құрметтеу қажеттігін атап өтті.
Гутерриш бұл туралы америкалық компанияға тиесілі X әлеуметтік желісінде мәлімдеме жариялады.
БҰҰ Бас хатшысы Израильдің 1974 жылғы күштерді ажырату туралы келісімді бұзуын қабылдауға болмайтынын айтып, мұндай әрекеттерді тоқтатуға шақырды.
— Сирияның егемендігі, тәуелсіздігі, бірлігі және аумақтық тұтастығы толықтай құрметтелуі қажет, — деді Гутерриш.
Бұған дейін Башар Асад режимі құлағаннан кейін Израиль әскері 1974 жылы жасалған «Күштерді ажырату туралы келісімді» бұзып, Сирияның оңтүстігіндегі Израиль бақылауына өткен Дераа және Кунейтра провинцияларында 10-нан астам әскери база мен нысан салғаны хабарланған болатын.
Еске сала кетейік, бұған дейін БҰҰ басшысы Иран мен АҚШ-ты келіссөзді шұғыл қайта бастауға шақырған болатын.
БҰҰ Бас хатшысы Асад режимі құлағаннан кейін алғаш рет Сирияға барды.