«Бас хатшы 2017 жылдың 4 шілдесі күні Корей Халық-Демократиялық Республикасының ұшырған құрлықаралық баллистикалық зымыранын қатты сынға алды. Бұл әрекеттер Қауіпсіздік Кеңесі резолюциясының бұзылуы болып табылады және жағдайды одан әрі ушықтырып жатыр. КХДР арандатушылық әрекеттерін тоқтатып, өзінің халықаралық міндеттерін толықтай орындауы тиіс», - деп атап өтті мәлімдемеде.
Сейсенбі күні КХДР орталық телевидениесі "Хвансон-14" құрлықаралық баллистикалық зымыранын алғаш рет сәтті сынақтан өткізгенін жария етті. Солтүстіккореялық тараптың мәлімдемесінде зымыран ұшырылымының биіктігі 2802 шақырымды құрайды делінген. Сондай-ақ зымыран 39 минутта 933 шақырымды ұшып өткен. Ұшыру туралы бұйрықты КХДР Президенті Ким Чен Ын берген. Ол сондай-ақ сынақты өзі бақылаған.