«Қазақстанның мемлекеттік органдарымен, соның ішінде ІІМ арасындағы әріптестік соңғы төрт жылда жемісті болды. Босқындар туралы заң қабылданғаннан кейін босқындардың мәртебесін анықтау құқығы ҚР ІІМ Көші-қон полиция департаментіне берілді. БҰҰ Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы Комиссары Басқармасы осы саладағы жұмыстарға оң баға беріп отыр. Себебі былтыр Қазақстанда босқындарды мойындау көрсеткіштері 60 пайызға өскен, бұл - Орталық Азияда ең жоғары болып саналады», - деді ол.
Атап өтейік, С.Азамның Орталық Азиядағы миссиясы биыл аяқталады.
Брифинг барысында БҰҰ өкілі ұйымның қызметін белсенді түрде ақпараттандырып келген қазақстандық БАҚ-қа алғысын айтты.