БҰҰ ҚК КХДР-ге қатысты санкцияларды күшейтетін қарар қабылдады

АСТАНА. ҚазАқпарат - БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі ядролық сынаққа жауап ретінде КХДР-ге қарсы санкцияларды күшейту туралы қарар қабылдады. Құжатты Ресей Федерациясы мен Қытай қолдады. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады.

Қауіпсіздік Кеңесі КХДР-дан тоқыма өнімдерін сатып алуға тыйым салып, газ конденсаттарын жеткізуге эмбарго енгізді және шикі мұнайды әкелуге шектеу қойды.