Қаражат елдің 350 мың тұрғынына көмекке жұмсалады, деп атап өтілген мәлімдемеде, деп жазды РИА Новости.
«Халық тағамға, суға, қарапайым медициналық көмекке зәру. Балаларға білімін жалғастыруға ғимарат керек. Отбасыларға қалыпты өмірін жалғастыру үшін қолдау қажет. Гуманитарлық қоғамдастық үкіметті қолдауға, базалық қажеттілікті қамтамасыз етуге әзір», - деп мәлімдеді БҰҰ бас хатшысының гуманитарлық мәселелер жөніндегі орынбасары Стивен О'Брайан.
Стивен О'Брайан елдің орталық және өңірлік биліктерінің әрекеттері көптеген адамдардың өмірін сақтап қалғанын атап өтті.
Эквадорда 16 сәуірде 7,8 балдық жер асты дүмпулері орын алды. Кіндігі Муисне елді мекенінің оңтүстік-шығысына қарай 28 шақырымда болды. Тереңдігі 20,2 шақырым тереңдікте орналасты. Апат салдарынан көп қабатты қонақүйлер, мейрамханалар, тұрғын үйлер қирады. Қаза тапқандар саны 400-ден асты.