Ливияға қолдау көрсету жөніндегі БҰҰ миссиясының мандатын ұзарту туралы Ұлыбритания әзірлеген қарар жобасы Қауіпсіздік Кеңесінің дауыс беруіне ұсынылды.
Құжатты Қауіпсіздік Кеңесінің 13 мүшесі қолдады. Ресей мен Грекия қалыс қалды.
Дауыс беру қорытындысы бойынша миссияның мандаты 2027 жылғы 31 қазанға дейін ұзартылды.
Ливияға қолдау көрсету жөніндегі БҰҰ миссиясын Қауіпсіздік Кеңесі Ливия билігінің өтініші бойынша 2011 жылғы 16 қыркүйекте құрған. Оның негізгі мақсаты — сол жылы елде болған қарулы қақтығыстан кейінгі саяси өтпелі кезеңге қолдау көрсету.
МООНПЛ — БҰҰ-ның арнайы саяси миссиясы. Оның қызметі Ливиядағы әскери күштер мен экономикалық институттар арасындағы алауыздықты еңсеруге, сондай-ақ қақтығысушы тараптар арасында арағайындық жасауға бағытталған.
Бұған дейін Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Омаров Қауіпсіздік Кеңесінің ашық дебатында Таяу Шығыстағы шиеленістің сақталуына алаңдаушылық білдірген еді. Ол қақтығыстарды саяси-дипломатиялық жолмен реттеп, жағдайдың одан әрі ушығуына жол бермеу қажеттігін атап өтті.
Еске салайық, Біріккен Араб Әмірліктері БҰҰ Бас хатшысы лауазымына өз үміткерін ұсынды.