Бұйратау ұлттық паркінде маралдар фототұзаққа ілікті

АСТАНА. KAZINFORM – Бұған дейін арқарлар түскен фототұзақ объективіне бұл жолы маралдар да ілікті.

Фото: видеодан алынған скрин

«Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің фототұзақтары жабайы табиғаттың біз көре бермейтін сәттерін паш етіп отыр.

Бір аумақ, бір фототұзақ, ал оның алдында – жабайы табиғаттың сан алуан тіршілігі.

Мұндай кадрлар ұлттық парктің табиғи байлығын айшықтап қана қоймай, жануарлар дүниесін зерттеуде де құнды ғылыми дерек болып табылады. 

Айта кетелік Бұйратауда бір топ арқар фототұзаққа түсіп қалған еді.