«Статистикалық мәліметтер бойынша 2011-2013 жылдар аралығында 105 тұлға жауапқа тартылды. Олар негізінен бас бостандықтарынан айырылды. 2013 жылғы жазаға тартылғандардың көп бөлігін, яғни 39-ын полиция қызметкерлері құрады, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесінің 13 қызметкері жазаланды» делінген баспасөз хабарламасында.
Сараптама көрсеткендей, полиция қызметкерлерінің арасында мұндай қылмысқа баратындар негізінен жедел уәкілдер мен учаскелік полиция қызметкерлері. Ал қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері негізінен түрмелерде жазасын өткізіп жүрген адамдарға қатысты азаптау қылмыстарын жасаған.