Министрдің сөзіне қарағанда, қазіргі таңда өңірлерде «Қауіпсіз қала» жобасы жемісті жүзеге асуда, оның аясында аулаларға сегіз мыңнан астам тұрғын үйлер аулаларына 19 мың бейне бақылау камералары орнатылған.
«Ағымдағы жылдың өзінде осындай бейне бақылау арқылы аулаларда 350 қылмыс ашылып, 8 мыңнан астам құқық бұзушылық тіркелді. Жалпы бейне бақылау жүйесі құқықтық тәртіпті тәулік бойы бақылауға септігін тигізіп, тұрғын үйлер мен аулалардағы қылмыстарға жедел ден қоюға жол ашып жатыр», - деді Қ.Қасымов.
Оның айтуынша, еліміздің үлкен қалаларындағы көшелеріне, қоғамдық орындарына 3 900 бақылау камералары орнатылған, олардың басым бөлігі Жедел басқару орталығының пультіне қосылған.
«2015 жылы бейне бақылау арқылы 146 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесіліп, 866 қылмыс ашылды», - дейді министр.