Атап айтқанда, Қазақстанның дарынды оқушылары 30-ға жуық халықаралық білім додасына қатысып, 276 алтын, 384 күміс, 629 қола медаль, сондай-ақ 20 грамота иеленді. Жүлделердің жалпы жиынтығы 1309-дан асады.
«Биылғы оқу жылынан да үміт көп. Өйткені, Алматыда наурыз айының басында оқушылар арасында Ө. Жолдасбеков атындағы математика-механикадан халықаралық зерттеулер жобасының байқауы өтеді. Сондай-ақ 14-19 наурыз аралығында Көкшетау қаласында математикалық бағыттағы республикалық олимпиада және 23-24 наурызда әл-Фараби атындағы республикалық олимпиада жоспарланған», - делінген баспасөз баянында.