Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінде «Еліміздегі құқықтық тәртіп жағдайы және ішкі істер органдары қызметінің басым бағыттары» тақырыбындағы Үкімет сағатында мәлім болды.
Депутаттар алдында баяндама жасаған Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың айтуынша, соңғы уақытта еліміздің барлық өңірлерінде көші-қон ахуалына бақылау күшейтілген. «Еліміздегі еңбек көші-қонын реттеу бойынша нақты шаралар қабылданды. Атап айтқанда, ендігі жерде жеке тұлғаларда жұмыс істейтін шетелдік еңбек көшіп-қонушылары «заңдастырылатын» болады. Сонымен қатар, олардың барлығына дербес еңбек патенттері беріледі. Сондай-ақ шетелдіктердің еңбек күшін заңсыз пайдаланушы жұмыс берушілер де қатаң жауапкершілікке тартылады. Жалпы, былтырғы 2013 жылы шетелдік еңбек күшін заңсыз тартудың 2,3 мың фактісі анықталды», - деді министр Қ. Қасымов.