ҚР Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, күдіктілер 187 млн теңге бюджет қаражатын қалталарына басқан.
«Оларға облыстағы 7 өрт сөндіру бөлімінің құрылысына бөлінген 187 млн теңге бюджет қаражатын орындалған жұмыстардың жалған актілеріне қол қою арқылы ұрлау айыбы тағылған. Күдіктілер уақытша оқшаулағышқа қамалды. Бұлтарпау шарасын таңдау мәселесі шешіліп жатыр. Тергеу жалғасуда. Күдіктілерге қатысты соңғы үкімді олардың кінәларының деңгейін анықтау арқылы сот шығарады», - деп атап өтеді ведомстводан.