Оның сөзінше, дауыс беру процесі тыныш жағдайда өтті. Сайлау комиссиялары тарапынан ешқандай құқықбұзушылықтар белгіленбеді.
— Дауыс беру аяқталғанға дейін бүгін Астана, Алматы, Шымкент, Орал және Қостанай қалаларында прокурорлар қысқартылған тәртіппен 7 азаматты айыппұлға тартты. Олардың барлығы толтырылған бюллетень суреттерін таратуға байланысты болды, — деді ол.
Осыдан бұрын хабарланғандай, 20:00-дегі жағдай бойынша Құрылтай депутаттарын сайлауында дауыс берушілер тізіміне енгізілген 9 млн 350 мыңнан астам сайлаушы дауыс берді.