Чехия Президенті үкіметтің отставкасын қабылдады
АСТАНА. KAZINFORM - Чехия Президенті Петр Павел премьер-министр Петр Фиаланың отставкасын қабылдап, қазіргі үкіметке жаңа құрам жасақталғанға дейін елді басқаруды тапсырды, деп хабарлайды БелТА.
— Премьер-министр, мен сіздің Үкіметіңіздің отставкасын қабылдаймын, сонымен бірге сізге Үкіметтің жаңа құрамы тағайындалғанға дейін өз міндетіңізді орындауды тапсырамын, — деді Петр Павел.
Сондай-ақ ол Фиалаға барлық министрліктің жаңа үкіметке еш кедергісіз өткізілуін қамтамасыз етуді өтінді.
Петр Фиаланың Үкіметі Чехия Парламентінің депутаттар палатасының құрылтайынан кейін отставкаға кету туралы шешім қабылдады.
Чехиядағы сайлауда жеңіске жеткен партиялар коалиция құру туралы келісімге қол қойды. Оған ANO, SPD және Motorise қозғалыстары кірді. Чехияның жаңа Үкіметі желтоқсан айының ортасынан бастап жұмысқа кірісуі керек.
Бұл мәліметті Kazinform агенттігінің серіктесі БелТА агенттігі арнайы ұсынды.
Естеріңізге сала кетейік, қазан айының басында Чехияда парламенттік сайлау өтті, онда «Қызметкерлердің наразылық акциясы» (ANO) партиясы жеңіске жетті.
Сайлаудан кейін Чехия президенті Петр Павел жаңа коалициялық үкімет құру жөніндегі келіссөздер басталды.
Камила Мүлік