«Қазақстан мен Чехия достық қарым-қатынасының тарихы терең. Қазақстан - Орталық Азия өңіріндегі біздің негізгі серіктесіміз. Мұны екі ел арасындағы импорт пен экспорттың көлемінен де айқын көруге болады. Чех кәсіпорындары Қазақстанда ауыл шаруашылығы және әскери-авиация өнеркәсібі сияқты салаларда көптеген жылдар бойы белсенді жұмыс істеп келеді. Сонымен қатар біз Қазақстанда көптеген қосымша мүмкіндіктер бар екенін көріп отырмыз», - деді Петр Фиалу.
Форумның ашылу салтанатында сөз сөйлеген Премьер-Министр Әлихан Самайылов соңғы 15 жылда чехиялық компаниялар біздің экономикамызға 270 млн доллар инвестиция салғанын айтты. Сондай-ақ, қазіргі уақытта Қазақстанда 200 чехиялық компания жұмыс істейді