АСТАНА. KAZINFORM - Испаниялық «Барселона» (Испания) UEFA Чемпиондар лигасының ширек финалының алғашқы ойынында германиялық «Боруссия Дортмунд» командасын тас-талқан етіп жеңді.
Алғашқы минуттан испаниялық команда сенімді ойын көрсетті. Қарсылас қақпасына жиі шабуылдап, гол соғатын мүмкіндікті іздеді. Ойынның 25-минутында Рафинья есеп ашса, Роберт Левандовски 48-минутта есепті үстемелей түсті.
Ал 66-минутта Роберт Левандовски тағы бір мәрте көзге түссе, 77-минутта Ламин Ямаль қорытынды есепті белгіледі.
Осылайша «Барселона» қарсыласынан 4:0 есебімен басым түсіп, жартылай финал жолдамасына жақын тұр. Сондай-ақ тағы бір кездесуде франциялық «Пари Сен-Жермен» Ангглияның «Астон Вилласын» 3:1 есебімен жеңді.
Айта кетсек, 8 сәуірде англиялық «Арсенал» Испанияның «Реал Мадридінен» 3:0 есебімен басым түссе, германиялық «Бавария» өз алаңында Италияның «Интеріне» 1:2 есебімен жол берді.
Енді қарымта ойындар 15 және 16 сәуір күндері өтеді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.