Чемпиондар лигасы: «Барселона» «Шахтер Донецк» командасынан жеңіліп қалды

Футболдан UEFA Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің төртінші туры өтеді, деп хабарлайды Kazinform. 

Фото: championat.com

7 қарашада Чемпиондар лигасының топтық кезеңі аясында E, F, G, H топтарында бақ сынайтын командалар өзара кездесті.

H тобында сынға түсетін испаниялық «Барселона» сырт алаңда Украинаның «Шахтер Донецк» командасына 0:1 есебімен жол берді.

Алғашқы үш турда ұпай жоғалтпаған мспаниялық футболшылар осылайша ойламаған жерден жеңіліп қалды. Десе де турнир кестесінде екінші орнын сақтап қалды.

Ал бірінші орында Португалияның «Порту» командасы аталған турда өз алаңында Бельгияның «Антверпенін» 2:0 есебімен сүріндірді.

Төртінші турдағы ойын нәтижелері төмендегіше:

E тобы: «Лацио» (Италия) - «Фейеноорд» (Нидерланд) 1:0,«Атлетико Мадрид» (Испания) - «Селтик» (Шотландия) 6:0

F тобы: «Борусссия Дортмунд» (Германия) - «Ньюкасл Юнайтед» (Англия) 2:0, «Милан» (Италия) - «Пари Сен-Жермен» (Франция) 2:1

G тобы: «Црвена Звезда» (Сербия) - «РБ Лейпциг» (Германия) 1:2, «Манчестер Сити» (Англия) - «Янг Бойз» (Швейцария) 3:0, H тобы: «Шахтер Донецк» (Украина) - «Барселона» (Испания) 1:0, «Порту» (Португалия) - «Антверпен» (Бельгия) 2:0.

Екі тур бұрын «Манчестер Сити» , «РБ Лейпциг» командалары жарыстың 1/8 финалына жолдама алды.

Бүгін, 8 қарашада А, В, С, D топтарында өнер көрсететін командалар төртінші тур ойындарын өткізеді.