Футболдан Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің төртінші туры өтеді

Футболдан UEFA Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің төртінші туры өтеді, деп хабарлайды Kazinform. 

футбол
Фото: pixabay.com.

Бүгін, 7 қарашада Чемпиондар лигасының топтық кезеңі аясында E, F, G, H топтарында бақ сынайтын командалар өзара кездеседі. Олардың қатарында «Пари Сен-Жермен», «Манчестер Сити», «Барселона» (Испания) клубтары бар.

E тобы: «Лацио» (Италия) - «Фейеноорд» (Нидерланд) - «Лацио» (Италия),«Атлетико Мадрид» (Испания) - «Селтик» (Шотландия)

F тобы: «Борусссия Дортмунд» (Германия) - «Ньюкасл Юнайтед» (Англия). «Qazsport». 23:35, «Милан» (Италия) - «Пари Сен-Жермен» (Франция). «Qazaqstan». 01:50.

G тобы: «Црвена Звезда» (Сербия) - «РБ Лейпциг» (Германия), «Манчестер Сити» (Англия) - «Янг Бойз» (Швейцария). «Qazsport». 01:50.

H тобы: «Шахтер Донецк» (Украина) - «Барселона» (Испания), «Порту» (Португалия) - «Антверпен» (Бельгия).

Ал ертең, 8 қарашада А, В, С, D топтарында өнер көрсететін командалар төртінші тур ойындарын өткізеді.

Олардың қатарында «Бавария», «Манчестер Юнайтед», «Арсенал», «Реал Мадрид» секілді Еуропаның үздік клубтары бар.

А тобы: «Бавария» (Германия) - «Галатасарай» (Түркия). «Qazsport». 22.35, «Копенгаген» (Дания) - «Манчестер Юнайтед» (Англия)

В тобы: «Арсенал» (Англия) - «Севилья» (Испания) «Qazsport». 1:50, ПСВ (Нидерланд) - «Ланс» (Франция)

С тобы: «Реал Мадрид» (Испания) - «Спортинг Брага». (Португалия). «Qazaqstan». 1:50, «Наполи» (Италия) - «Унион Берлин» (Германия)

D тобы: «Ред Булл Зальцбург» (Австрия) - «Интер» (Италия), «Реал Сосьедад» (Испания) - «Бенфика» (Португалия). «Qazsport». 22.35.

Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан клубтар арасындағы әлем чемпионатына қатысатын командалар анықталды.