Бүгін Чемпиондар лигасының топтық кезеңі аясында А, В, С, D топтарында үшінші тур ойындарын өткізілді.
А тобында ойнайтын Германияның «Бавария» командасы сырт алаңда Түркияның «Галатасарай» клубымен шеберлік байқасты.
Ойын барысында неміс футболшылары жинақы қимыл көрсетті. Нәтижесінде қарсыластар қақпасына үш гол соғып, өз қақпасына бір гол жіберіп алды.
Осылайша қарсыласынан 3:1 есебімен басым түсіп, үшінші жеңісіне қол жеткізді. Турнир кестесінде өз тобында көш бастап тұр.
3-турдағы барлық ойын нәтижесі төмендегіше:
А тобы: «Галатасарай» (Түркия) - «Бавария» (Германия) 1:3, «Манчестер Юнайтед» (Англия) - «Копенгаген» (Дания) 1:0
В тобы: «Севилья» (Испания) - «Арсенал» (Англия) 1:2, «Ланс» (Франция) - ПСВ (Нидерланд) 1:1
С тобы: «Спортинг Брага» (Португалия) - «Реал Мадрид». (Испания) 1:2, «Унион Берлин» (Германия) - «Наполи» (Италия) 0:1
D тобы: «Интер» (Игалия) - «Ред Булл Зальцбург» (Австрия) 2:1, «Бенфика» (Португалия) - «Реал Сосьедад» (Испания) 0:1.
Бүгін, 25 қазанда E, F, G, H топтарында бақ сынайтын командалар өзара кездеседі.