Футболдан UEFA Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің үшінші туры өтеді

Футболдан UEFA Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің үшінші туры өтеді, деп хабарлайды Kazinform. 

футбол
Фото: Фото: Pixabay

Бүгін Чемпиондар лигасының топтық кезеңі аясында А, В, С, D топтарында өнер көрсететін командалар үшінші тур ойындарын өткізеді. 

Олардың қатарында «Бавария», «Манчестер Юнайтед», «Арсенал», «Реал Мадрид» секілді еуропаның үздік клубтары бар. 

А тобы: «Галатасарай» (Түркия) - «Бавария» (Германия). «Qazsport». 22.35, «Манчестер Юнайтед» (Англия) - «Копенгаген» (Дания)

В тобы: «Севилья» (Испания) - «Арсенал» (Англия) «Qazsport». 00:50, «Ланс» (Франция) - ПСВ (Нидерланд)

С тобы: «Спортинг Брага» (Португалия) - «Реал Мадрид». (Испания). «Qazaqstan». 00:50, «Унион Берлин» (Германия) - «Наполи» (Италия)

D тобы: «Интер» (Игалия) - «Ред Булл Зальцбург» (Австрия), «Бенфика» (Португалия) - «Реал Сосьедад» (Испания)

футбол
Фото: Фото: Pixabay

Ал ертең E, F, G, H топтарында бақ сынайтын командалар өзара кездеседі. Олардың қатарында «Пари Сен-Жермен», «Манчестер Сити», «Барселона» (Испания) клубтары бар. 

E тобы: «Фейеноорд» (Нидерланд) - «Лацио» (Италия), «Селтик» (Шотландия) - «Атлетико Мадрид» (Испания)

F тобы: «Ньюкасл Юнайтед» (Англия) - «Боруссия Дортмунд» (Германия), «Пари Сен-Жермен» (Франция) - «Милан» (Италия). «Qazaqstan». 00:50.

G тобы: «РБ Лейпциг» (Германия) - «Црвена Звезда» (Сербия), «Янг Бойз» (Швейцария) - «Манчестер Сити» (Англия)

H тобы: «Барселона» (Испания) - «Шахтер Донецк» (Украина), «Антверпен» (Бельгия) - «Порту» (Португалия).

Еске салсақ, бұдан бұрын Қазақстан Премьер-лигасы 25-турының үздік ойыншылары мен жаттықтырушылары анықталғанын жазған болатынбыз.