Чемпиондар лигасы: «Қайрат» бүгін «Сутьескамен» қарымта ойын өткізеді

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық «Қайрат» футбол клубы 15 шілде күні UEFA Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу кезеңінде сырт алаңда Черногорияның «Сутьеска» командасыске қврфмта ойын өткізеді.

Фото: «Қайрат» футбол клубы

Бұл кездесу Қазақстан уақытымен 23:50–де «Qazaqstan» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

UEFA Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу кезеңінде шілденің 15-нен 16-на қараған түні алматылық «Қайрат» сырт алаңда Черногорияның «Сутьеска» командасымен кездеседі. Бұл ойында бас төреші міндетін польшалық Войцех Мыцқа жүктелген. Оған отандастары Бартош Хейниг пен Марцин Лисовски көмектеседі. Төртінші төреші Патрик Грицкевич (Польша).

Алғашқы ойында алматылық «Қайрат» қарсыласынан 2:1 есебімен басым түскен еді

Қазақстандық жанкүйерлер олардың 2018/2019 жылғы маусымда елордалық «Астанамен» кездескенін жақсы біледі. Бұл жолы олар екі кездесуде 0; 1, 0:2 есебімен жеңіліп, жарыс жолын алғашқы кезеңде аяқтады. Команда сапында сол уақытта ойнаған 36-жастағы қақпашы Владане Гильене бар. Қалған футболшылар өз клубтарға ауысты немесе мансабын аяқтап үлгерді.

«Сутьеска» өз елінде 2012/13, 2013/14, 2017/18, 2018/19, 2021/22, 2025/26 жылғы маусымда алты мәрте чемпион атанып үлгерді. Сондай-ақ олардың еншісінде күміс және қола жүлделер бар.

Черногория біріншілігінде «Сутьеска» биыл жоғары нәтижесімен есте қалды. Олар 36 турда қарсыластар қақпасына 61 гол енгізді. Кейбір қарсыластарын ірі есеппен жеңді. Дегенмен команда сегіз мәрте жеңілістің ащы дәмін татып үлгерді. Бұл клуб сапында жартылай қорғаушы Василий Чавор он гол соғып, үздік сұрмерген атанды.

Сондай-ақ 16 шілде күні қазақстандық «Астана» мен «Елімай» (Семей) UEFA Конфренция лигасы бірінші іріктеу кезеңінде қарымта ойындарын өткізеді.