13 желтоқсанда E, F, G, H топтарында бақ сынайтын командалар өзара кездесті.
Бұл күні Испанияның «Барселона» командасы сырт алаңда Бельгияның «Антверпен» клубына 2:3 есебімен есе жіберді.
Десе де бұрын олар плей-офф сатысына жолдама алып қойған еді.
E тобы: «Cелтик» (Шотландия) - «Фейенорд» (Нидерланд) 2:1, «Атлетико Мадрид» (Испания) - «Лацио» (Италия) 2:0
F тобы: «Ньюкасл Юнайтед» (Англия) - «Милан» (Италия) 1:2, «Боруссия Дортмунд» (Германия) - «Пари Сен-Жермен» (Франция) 1:1
G тобы: «РБ Лейпциг» (Германия) - «Янг Бойз» (Швейцария) 2:1, «Црвена Звезда» (Сербия) - «Манчестер Сити» (Англия) 2:3
H тобы: «Порту» (Португалия) - «Шахтер Донецк» (Украина) 5:3, «Антверпен» (Бельгия) - «Барселона» (Испания) 3:2 .
Аталған төрт топтан «Атлетико Мадрид», «Лацио», «Боруссия Дортмунд»,«Пари Сен-Жермен», «Манчестер Сити», «РБ Лейпциг», «Порту», «Барселона» плей-офф сатысына шықты.
Мұндай мүмкіндікке 12 желтоқсанда «Бавария», «Копенгаген», «Арсенал», ПСВ, «Реал Мадрид», «Наполи», «Реал Сосьедад», «Интер» клубтары қол жеткізді.
Үшінші орын алған командалар Еуропа лигасы плей-офф сатысына жолдама алды.