Футболдан Чемпиондар лигасы: Плей-оффқа шыққан сегіз команда анықталды

футбол
Фото: pixabay.com

Футболдан UEFA Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің алтыншы турындағы алғашқы күнгі ойындар өткізілді, деп хабарлайды Kazinform.

12 желтоқсанда Чемпиондар лигасының топтық кезеңі аясында А, В, С, D топтарында өнер көрсететін командалар алтыншы тур ойындарын өткізді.

Англияның «Манчестер Юнайтед» командасы өз тобында төртінші орынды місе тұтты. Олар соңғы турда Германияның «Бавариясына» 0:1 есебімен есе жіберді.

Ал Испанияның «Реал Мадрид» командасы топтық кезеңде бірде-бір ұпайды шашау шығарған жоқ. Испаниялық футболшылар алтыншы турда сырт алаңда Германияның «Унион Берлин» клубын 3:2 есебімен жеңді.

А тобы: «Манчестер Юнайтед» (Англия) -«Бавария» (Германия) 0:1, «Копенгаген» (Дания) - «Галатасарай» (Түркия) 1:0

В тобы: «Ланс» (Франция) - «Севилья» (Испания) 2:1, ПСВ (Нидерланд) - «Арсенал» (Англия) 1:1

С тобы: «Наполи». (Италия) - «Спортиг Брага» (Португалия) 2:0, «Унион Берлин» (Германия) - «Реал Мадрид» (Испания) 2:3

D тобы: «Интер» (Италия) - «Реал Сосьедад» (Испания) 0:0, «Ред Булл Зальцбург» (Австрия) - «Бенфика» (Португалия) 1:3.

Нәтижесінде плей-офф сатысына шыққан алғашқы сегіз команда анықталды. Олардың қатарында «Бавария», «Копенгаген», «Арсенал», ПСВ, «Реал Мадрид», «Наполи», «Реал Сосьедад», «Интер» командалары бар.

Енді 13 желтоқсанда E, F, G, H топтарында бақ сынайтын командалар өзара кездеседі. Олардың қатарында «Пари Сен-Жермен», «Манчестер Сити», «Барселона» (Испания) клубтары бар.

Соңғы жаңалықтар