«Жаңа технологиялардың күнделікті өмірімізге еніп жатқаны қуантады. Дегенмен оның теріс тұстары да бар. Кәсіпорындарды автоматтандыру - еңбек нарығының қысқаруына алып келеді. Цифрландыру қаншалықты жоғары қарқынмен жүргізілсе, соншалықты еңбек нарығы қысым көреді. Сонымен қатар жаңа жұмыс орындары құрылмайды, жұмыссыздық көбейеді», - деді министр.
Форум барысында ведомство басшысы екі жыл онлайн оқудың зардабы ондаған жылдарға созылатынын жеткізді.
Бұдан бөлек, Саясат Нұрбек ғылым саласындағы мәселелерге тоқталды. Оның айтуынша, еліміздің ғылыми-зерттеу институттарында жұмыс істейтін мамандар тапшы.