Мүгедек әйелге халыққа тігін тігіп, қызмет көрсете алуы үшін «Janome 397G» маркалы тігін машинасы сыйланды, сонымен қатар мата мен басқа да шығындарын алу үшін қаржылай да көмек көрсетілді.
«Демеушілік көмек Болсын Ыбыраеваға өзінің кәсіпкерлік қызметін бастауға көмектеседі», - деген ойын жеткізді «Даму» филиалының бас менеджері Берік Нұрғалиев.