АСТАНА. KAZINFORM – Румынияның Рышнов қаласында өтіп жатқан шаңғымен тұғырдан секіруден Гран-при кезеңінде қазақстандық Данил Васильев қола жүлде алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жарыс қорытындысында Данил 233,5 ұпай жинап, үздік үштікті түйіндеді.
Бәсекеде бірінші орынды АҚШ спортшысы Джейсон Колби (244,9 ұпай) иеленді. Екінші орынға Польша өкілі Павел Васек (234,1 ұпай) жайғасты.
Сондай-ақ дәл осы бағдарламада сынға түскен тағы бір отандасымыз Илья Мизерных 219,6 ұпаймен 15-орыннан көрінді.
Айта кетейік, Азия ойындарында Қазақстан құрамасының 21 қыркүйектегі жарыс кестесі жарияланды.
Эльмира Оралбаева
Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің түлегі. 2023 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.