Бұл жекпе-жекте IBO нұсқасы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионының бос титулы бәске тігіледі.
BoxRec бұл айқасты бес жұлдыздың ішінде үш жұлдызға бағалады. Бұдан бұрын Елеусіновтің Алан Санчес (21-5-1, 10 КО) және Джулиус Индонгомен (23-4, 12 КО) өткізген жекпе-жектері де үш жұлдызға бағаланған болатын. Индонгомен қазақстандық IBF Inter-Continental бос белдігі үшін айқасты, ал Санчеспен өткен жекпе-жекке мүлде титул тігілмеген.
Еске салсақ, 18 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған кәсіпқой бокс кеші өтеді. Бұл Данир Елеусіновтің әлем чемпионы титулы үшін бірінші айқасы болмақ. Сонымен қатар оның қарсыласы белгілі болды.