ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралдағы оқушылар және жастар сарайында бокстан Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің жүлдесі үшін ересектер арасында халықаралық турнир мәреге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Осымен екінші рет ұйымдастырылып отырған жарысқа Қырғызстан мен Өзбекстаннан, сондай-ақ Қазақстанның Нұр-Сұлтан қаласынан, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстарынан сексенге жуық былғары қолғап шебері қатысты.
Төрт күнге созылған дода қорытындысында салмақ дәрежелеріне қарай мына боксшылар чемпион атанды: Дулат Даутов (49 кг, Қызылорда), Нұрсұлтан Нұриденов (52 кг, БҚО), Сағындық Молдашев (56 кг, БҚО), Сұлтан Мусинов (60 кг, Ақмола), Рахат Сейтжан (64 кг, Ақтөбе), Саиджамшид Жаффаров (69 кг, Өзбекстан), Владислав Преображенский (75 кг, Ақмола), Ерік Әлжанов (81 кг, Маңғыстау), Жайбек Қартабаев (91 кг, Ақтөбе), Нұрлан Сапарбай ( 91 кг, Түркістан).
Турнирге арнайы келген Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ибраимовтың айтуынша, жарыс аясы кеңейе түсіп, қатысушылар саны артып келеді. Болашақта оны AIBA дәрежесіне жеткізу ойластырылуда.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда бокстан халықаралық турнирдің жеңімпаздары анықталғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).