Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы он екінші жекпе-жегін өткізеді
16:12, 26 Қыркүйек 2024
АСТАНА. KAZINFORM — Кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов 28 қыркүйекте «Алматы Аренада» өтетін бокс кешінде филиппиндік Джо Нойнэймен қолғап түйістіреді.
Бұл қазақстандық былғары қолғап шеберінің кәсіби мансабындағы он екінші жекпе-жегі болады.
Ал қарсыласы бұған дейін 28 мәрте шаршы алаңға шыққан.
Аталған кеш барысында бокс ережесі бойынша еліміздің ММА спортшылары Қуат Хамитов пен Нұрберген Шәріпов алғашқы кездесуін өткізеді.
Бокс кешінде еліміздің спортшыларымен бірге Ресей мен Әзірбайжаннан келген кәсіпқой былғары қолғап шеберлері сайысқа түседі.
Бұл бокс кеші «Qazsport» телеарнасы арқылы 28 қыркүйекте 17:30–да тікелей эфирден көрсетіледі.
Еске салсақ, бұдан бұрын дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионатына кімдер баратыны хабарланды.