АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық Данияр Шамшаев Ташкентте дзюдодан өтіп жатқан әлемдік Grand Slam турнирінің күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан дзюдо федерациясы баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, жарыстың екінші күні Данияр Шамшаев 73 келіге дейінгі салмақта 2-орынға ие болды.
Данияр алдымен франциялық Аксус Бенжжаминді, сосын қырғызстандық Шыңғысхан Сағынәлиевті иппонмен ұтты. Ширек финалда түркиялық Умарт Демирелден айласын асырды. Жартылай финалда швейцариялық Нилл Штампты таза жеңді. Тек соңғы бәсекеде ғана өзбекстандық Муроджон Юлдошевке жол берді.
Бұл – Қазақстан құрамасы қоржынына түскен екінші медаль.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын дзюдошы
Нұрқанат Серікбаевтың Grand Slam турнирінің күміс жүлдегері атанғанын жазған болатынбыз.
Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).