Дәрі бағасын әлі түсіру керек — Олжас Бектенов

Фото: ДСМ

АСТАНА. KAZINFORM — Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында дәрі бағасын төмендету жұмыстарын жалғастыруды тапсырды. 

Іс-шарада Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова дәрілік заттарға баға белгілеудің жаңа тетігі нарыққа қалай әсер етіп жатқанын баяндаған.

— Енгізілген өзгерістер нәтижесінде дәрілік заттардың кең тізбесінде баға едәуір төмендеп, 36 млрд теңгеден астам қаражат үнемделді.

Бірқатар жоғары шығынды дәрілік заттардың бағасын 50-ден 300 пайызға дейін төмендеді. Мысалы, иматиниб дәрісінің бағасы 9 450 теңгеден 2 348 теңгеге төмендеді. Ал бевацизумаб дәрісінің бағасы 360 теңгеден 77 мың теңгеге дейін төмендеді.

Сондай-ақ, жаңа баға белгілеудің арқасында тікелей келісімшарттар мен тендерлік рәсімдер шеңберінде айтарлықтай үнемдеуге қол жеткізілді, — деді Ақмарал Әлназарова.

Премьер-министр Олжас Бектенов бұл бағыттағы жұмыстарды қолдайтынын айтты.

— Бағаны реттеу бағытындағы істеріңізді қолдаймыз. Осы жұмыстарды әрі қарай да жалғастыру керек, — деді Үкімет басшысы.

Бұған дейін бірқатар онкологиялық препараттың құны 40%-дан астам төмендегенін жазған едік