«Пациентті инсульт орталығының палатасына ауыстырды», - деді елорданың қоғамдық Денсаулық сақтау басқармасынан агенттік тілшісіне.
Бұған дейін астаналық дәрігерлердің Токио-Цюрих әуе рейсінде инсульт алған Жапония азаматының өмірі үшін күресіп жатқаны туралы хабарлаған едік. Сол кезде мамандар пациенттің ауыр хәлде екенін айтты.
Еске сала кетейік, 17 тамызда Астанадан барлық рейс уақытша тоқтатылып, әуежай екі сағатқа жабылған еді. Оған себеп 50 жастағы жолаушы инсульт алған, сосын әуе экипажы елорда әуежайына қонуға шұғыл шешім қабылдаған болатын.