Дархан Кәлетаев Орталық коммуникациялар қызметінің жаңа басшысын таныстырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дархан Кәлетаев Орталық коммуникациялар қызметінің жаңа басшысын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін хабарланғандай, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры,саяси ғылымдар кандидаты, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Талғат ҚалиевОрталық коммуникациялар қызметінің басшысы болып тағайындалған еді.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Президенті жанындағы «Орталықкоммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесі құрылды. Президентөкімімен Қалиев Талғат Бегімұлы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникацияларқызметінің басшысы болып тағайындалды», - деді Дархан Кәлетаев.

Ол Орталық коммуникациялар қызметі қарамағында болған ҚР Ақпарат жәнеқоғамдық даму министрлігінің басшысы Дәурен Абаевқа алғыс айтты.


«Жұмыс өте сапалы жүргізілді, оң өзгерістер айқын көрінеді, сол үшінАқпарат және қоғамдық даму министрлігіне алғыс айтамыз. Орталық коммуникацияларқызметі Сіздердің сенімді серіктестеріңіз болып қалады», - деді ҚР ПрезидентіӘкімшілігі басшысының бірінші орынбасары.

Өз кезегінде Дәурен Абаев ОКҚ ұжымына алғысын білдірді.


«Ұжымға тағы да рахмет айтқым келеді. Шын мәнінде біз Сіздермен үлкенжұмыс атқардық. Техникалық жаңғырту жүргіздік. ОКҚ ұжымына табыс тілеймін», -деді Дәурен Абаев.