«Электрокар жалдау ақысы Түркістан әкімінің көмекшісі мен аппарат басшысының Kaspi-шотына аударылғаны туралы мәлімет тарап жатыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметіне осы туралы арыз түсірген адамдар қысым көргендерін айтты. Қазір қала әкімі қызметінде ме? Мынандай шу кезінде оны қызметтен шеттеттіңіздер ме немесе шеттетесіздер ме?» – деп сұрады журналист.
Аймақ басшысы бұл мәселемен қазір құзырлы органдар айналысып жатқанын айтты.
«Бұл жерде оны жазып, айтып отырғандар бар. Әкімшілікте істейтін азаматтардың да құқықтары бар ғой. Мен екі жақтан да қарауым керек. Бұл жерде қандай да бір мәселе болса, өзінің тиісті органдары бар. Бірінші кезекте біз оның (электрокар көліктері – ред.) тиімді қолданылды ма, тиімді жұмыс істеді ме, соны тексертеміз. Құзырлы органдардан ол туралы сұрадым. Айтуларынша, қылмыстық іс қозғалды, тексеру біткен соң нәтижесі жарияланады», – деді әкім.
Дархан Сатыбалды Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков талайдан бері қаланы басқарып келе жатқанын еске салды.
«Ол әкім қазір қызметте. Ол кісі мен келген кезде істеп жатқан», – деді өңір басшысы.