АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласының орталығында қоғамдық көлік мен КамАЗ соқтығысып, 3 адам ауруханаға жеткізілді. Олардың жағдайы орташа ауыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Кеше қала орталығында автобус пен КамАЗ түйісіп, бірнеше жолаушы зардап шеккен болатын. Бұған дейін хабарлағанымыздай, үш жолаушыға медциналық көрсетіліп, олар ауруханаға түсті.
«Жедел жәрдем қызметі жол-көлік оқиғасы болған жерге 10 минутқа жетпей барды. 47 жастағы С.Өтепованың оң тізесі зақымданды. Ал 46 жастағы Н.Нұржанов жабық бас-ми жарақатын алды. Бетіндегі жұмсақ тіндері жыртылды. Ал 67 жастағы жолаушы А.Зубкованың жамбасы зақымданды. Бәрінің жағдайы орташа ауыр»,- деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.