Дарын Мұстафин аралас жекпе-жектен жасөспірімдер Азиадасында қола жүлде алды

АСТАНА. KAZINFORM – ММА (modern) түрі бойынша сынға түскен Қазақстан құрамасының өкілі Дарын Мұстафин Манама қаласында (Бахрейн) өтіп жатқан 2025 жылғы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында ел қоржынына қола медаль салды. 

Фото: ҰОК

70 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымсыз жартылай финалға дейін жетті. 

Дарын бұл кезеңде Ибрагим Халидовпен (Бахрейн) күш сынасты. Жекпе-жек қорытындысы бойынша отандасымыз қарсыласына есе жіберіп, қола жүлдені қанағат тұтты.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында алғашқы алтын медалін жеңіп алғанын жазған едік.