Дарынды балалар тегін демалады - БҒМ

АСТАНА. 12 маусым. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылы мектеп оқушыларының 92 пайызын жазғы демалыс шараларымен қамту жоспарланған. Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Әлия Ғалымова мәлім етті.

Оның хабарлауынша, биыл сан алуан жазғы лагерьлерде демалатын оқушылардың саны 2 млн. баланы құрап отыр. Олардың 1,3 млн.-ы, яғни 58,9 пайызы сауықтыру шараларымен қамтылады. «Ал дарынды балалар тегін демалады. Осы мақсатта жергілікті бюджеттен 300 млн. теңге бөлу қарастырылған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 210 млн. теңгеге артық», - деп атап көрсетті Ә. Ғалымова.