«Қайрат» ФК баспасөз қызметінің мәліметінше, Дастан Сәтпаев, Олжас Байбек пен Азамат Тұяқбаев ем қабылдап, оңалту кезеңінен өтіп жүр. Сол себепті олар Абу-Дабидегі алғашқы жиынға қатыспайды.
Айта кетейік, 2 қаңтарда команда үш апталық демалыстан кейін базаға жиналып, бастапқы медициналық тексеруден өтті.
Ал 4 қаңтар күні таңертең ерте «Қайрат» Біріккен Араб Әмірліктеріне аттанды. Олар 15 қаңтарға дейін жалғасатын оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Жиынның негізгі мақсаты — оңтайлы физикалық формаға келу және ресми матчтарға дайындық.
Сонымен Абу-Дабидегі алғашқы жиынға қатысатын ойыншылар тізімі мынадай:
Қақпашылар:
— Темірлан Анарбеков;
— Шерхан Қалмұрза;
— Данила Буч.
Қорғаушылар:
— Луиш Мата;
— Александр Мартынович;
— Егор Сорокин;
— Еркін Тапалов;
— Александр Мрынский;
— Александр Широбоков;
— Лев Кургин;
— Сұлтан Асқаров;
— Әмірбек Базарбаев.
Жартылай қорғаушылар:
— Дан Глейзер;
— Валерий Громыко;
— Дамир Қасабулат;
— Әділет Садыбеков;
— Яакко Оксанен;
— Юг Станоев;
— Мұхамедәли Әбіш;
— Исмаил Бекболат.
Шабуылшылар:
— Жоржиньо;
— Эдмилсон;
— Рикардиньо;
— Рамазан Бағдат;
— Мансур Биркурманов.
Бұдан бұрын, Абу-Дабиде команда екі бақылау кездесуін өткізетіні хабарланды: 9 қаңтар «Нефтчи», 14 қаңтар «Вараждин». Сонымен қатар 20 қаңтарда сары-қаралар Астанада бельгиялық «Брюггемен» ойнайды, ал 28 қаңтарда Лондонда УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі соңғы матчты «Арсеналға» қарсы өткізеді.